Автобиография

ӨМІРБАЯН

     Аяпбергенова Роза Мұратқызы  — 25.09.1970 жылы туылған. Ұлты 

қазақ.Нұр-Отан париясының мүшесі.Кентау қалалық мәслихаттының VII шақырылымының депутаты.  Кентау қаласының «Құрметті азаматы».

Білімі жоғары 1991 жылы Алматы халық шаруашылық  институттың қаржы және несие мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2016 жылы Шымкент университетінің «Педагогика және психология» мамандығын бітірген. 2018-2020 жж –магистратура Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет, экономика ғылымдарының магистрі.

        Жұмыс тәжірибиесін 1991 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев аудандық қаржы бөлімінің бюджет инспекция бастығының міндетін атқарушы лауазымы қызметінен бастаған. 23.10.1991- 25.05.1992 жыл аралығында Петропавл қаржы бөлімі, бюджет бөлімінің аға маманы болып жұмыс жасаған. 27.05.1992- 12.09.1992 жыл аралығында «Завод керамзитного гравия» жетекші маманы болып жұмыс жасаған. 28.09.1992- 13.09.1996 жыл аралығында Ащысай түсті металл комбинатында экономист  болып жұмыс жасаған. 18.09.1996- 20.12.2000 жыл аралығында «Кентау межрайгаз», экономист болып жұмыс жасаған. 16.06.2004- 01.09.2004 жыл аралығында Ауыл шаруашылығы бөлімі, бас маман қызметін атқарған. 01.09.2004- 03.10.2014 жыл аралығында Кентау қалалық халықты жұмыспен қамту  бөлімі,секторының меңгерушісі қызметін атқарған.

          2014 жылғы 3 қазаннан бастап «Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы кәсіптік колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалып, қазіргі таңда сол қызмет бойынша жұмыс атқаруда.  Жалпы еңбек өтілі 30 жыл, аталған еңбек ұжымында 6 жыл.

        Жетістіктері:

  • 2005 — 2018 жыл аралығында  ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан, ОҚО Білім басқармасынан, ОҚО әкімінен, Кентау қаласы әкімінен,облыстық және қалалық мәслихат  хатшысынан, Нұр-Отан париясынан бірнеше  мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
  • 2013 жылы Кентау қаласы әкімдігінің өкілі ретінде КТК каналына  «Наша правда» ток шоуына қатысқан.
  • 2015жылы  «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен,
  •  2015жылы «Кентау қаласына 60 жыл» медалімен,
  •  2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25жыл» мерекелік медалімен наградталған.
  • Республикалық ғылыми-әдістемелік,педгогикалық «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналы редакциясының арнайы құрылған комиссиясының 2017 жылдың 15 ақпан № 07 шешіміне сәйкес «Білім шыңы» төсбелгісімен марапатталған.
  • 2012-2018 жыл аралығында «Оңтүстіқ Қазақстан», «Кентау», «Кентау шұғыласы», «Ғасыр», «Қаратау тәжі», «Қазақстан», «Айғақ» газет беттерінде  «Еңбек нарығы», «Еңбек қатынастары», «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес»  және «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» туралы баяндамалары  жергілікті газеттерге жарияланған, сонымен қатар «Икар», «Туран», «Шымкент», «31 канал», «КТК», «Евразия», «Отырар», «Қазақстан», «Айғақ» телеарнасынан көрсетілген.

-2016 жылы «Жас ғалым» журналында «Тума таланттардың білім ордасы» мақаласы жарияланды.

 — 2017 жылы  Республикалық ғылыми  әдістемелік,педгогикалық «Білім шыңы Ғылым  сыры» журналында  «Еңбеқ  ақы есебі».

— «Сауап» медалі, 2017 жыл

 — 2018 жылы    Республикалық   «Кәсіби-техникалық   білім»  журналында    «Руханижаңғыру – жастарға жарқын жол», атты мақаласы жарияланды.

    — 2017 жылы Кентау қаласының 62 жылдық меркесіне  орай  Кентау қаласы әкімі Ә.Мақұлбаев тарапынан қалалың әлеуметтік-экономикалық жағдайының артуына жасаған еңбегі үшін  Кентау қаласының «Кұрмет тақтасына» енгізілді.

     -2018 жылғы 17 қырқүйектің ОҚО мемлекеттіқ мекемелер қызметкерері кәсіподагының    № 15 қаулысымен  «Еңбеқ өзаты» төс белгісімен марапатталды.

    —  Кентау қалалық  мәслихатының 2018 жылғы 3 қазандағы № 214 шешімімен Кентау қаласының 63 жылдық меркесіне  орай  «КЕНТАУ  ҚАЛАСЫНЫҢ  ҚҰРМЕТТІ  АЗАМАТЫ » атақ берілді.

     —   Ғылым және білім саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Мәртебелі маман» медалі 2020 жылғы 17 ақпаны  № 0546 куәлік.

    —    Қазақстанның педагогиқалық академиясының білім саласына сіңірген еңбегі және басқарудағы біліктілігі мен жоғары ұймдастырушылық қабілеті үшін «І ДӘРЕЖЕЛІ БАСШЫ»атағы мен медалі,2020 жыл № 0901 сертификаты

   —  Түркістан облысының «2020 жылдың 100 жаңа есімі» автобиографиялық энциклопедиясына еліміздің өсіп-өркендеуне үлесін қосқан үшін  еңгізіген.

    —   2020 жылдың 26 тамызында «Итеграциалық оқытуды жүзеге асыру» атты әдестемелік көмекші құралдарын (авторлық бағдарламасын)баспадан шығарған, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы «EDU PRINT», баспаханасының № 00089 сетификаты.

 —  Праймеризге-2020 қатысушы

         Отбасылы, төрт баласы бар, бір немересі бар.

  • Жолдасы Адыршаев Асқар Сейдуллаұлы – 12.09.1971жылы Кентау қаласында туылған,  Алматы халық шаруашылық институтын 1991 жылы бітірген. Мамандығы экономист. 1994ж – 2005ж аралығында «Түркістан банк» , «Валют транзит» филиалының басшысы лауазымын атқарған, Кентау қалалық қазынашылық басшысы лауазымын атқарған. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы «Көктем» автобекетінің директоры лауазымын атқарады.
  • Қызы Адыршаева Гульназ Асқарқызы – 01.07.1993 жылы туылған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін 2015 жылы, «Мирас» университетін 2017 жылы бітірген. Шымкент қаласының полиция департаменті Еңбекші аудандық  полиция басқармасында инспектор қызметің атқаруда. Тұрмыста.
  • Қызы Адыршаева Аружан Асқарқызы – 09.02.1999жылы туылған. ІІМ «Б.Бейсенов» атындағы Қарағанды Академиясының бітіріп,бігінгі таңда Нұрсұлтан қаласының Есіл Ішкі істер полиция басқармасында тергеуші болып қызмет атқаруда . Тұрмыста .
  •   Қызы Сейдуллаева Арайлым Асқарқызы – 28.05.2001 жылы туылған, М.Әуезов   атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін    IІІ курс  студенті.
  • Ұлы Сейдуллаев Бексултан Асқарұлы – 12.08.2010жылы туылған. № 22 жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы.