Өзін –өзі басқару кеңесінің жалпы ережелері
Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі :
Жастардың өзін-өзі басқаруы тұлғалық және кәсіби өсу, қоғамда ойдағыдай әлеуметтену, өзінің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жастар қызметін ұйымдастыру нысаны болып табылады.
Мақсаты:
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәсүрлерін дәріптеуге, өз құқықтарын, мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге қарсы тұру қабілеттерін арттыру және рух жігері шыңдалған әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру; өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, тәрбиелі тұлғаны дамыту, қалыптастыру.
Міндеті:
— Қазақстан Республикасындағы « Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы мен Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасын» және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ. «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру.
Өзін-өзі басқару ұйымының атқаратын жұмыстары:
— Мәдени эстетикалық және спорттық бағыттағы түрлі іс-шараларға, көрмелерге қатысу;
— Атаулы мереке күндеріне іс-шара ұйымдастыру;
— Колледжішілік мерекелік газет шығару;
— Іс-шараларға жауапкершілікпен қатысу;
— Іс-шараларда тақырыптық безендіру;
— Ұлдар мен қыздардың жеке мәселелерін реттеуге көмектесу (үлгерім,тәртіп, тазалық)
Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі мүшесі:
Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі ішкі тәртіп ережесін орындайтын, оның дамуына үлес қосатын 1-3 курс білім алушылары.
Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі мүшесінің құқығы:
Өзінің қажеттілігін, жеке басын қорғау мақсатында білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі секторларынан көмек сұрай алады.
- Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі қызметінің түрлі мәселелері бойынша өзінің ойын ашық білдіре алады;
- Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі жұмысы жөнінде түрлі ақпарат алады;
- Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі секторларына сайлана алады және сайлаушыларды санай алады;
Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі мүшесі міндетті:
- Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі Жарғысын орындауға;
- Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі ар-намысын, өзінің абыройын қорғауға;
- Сөзі өз ісінен ауытқымауға;
- Көмек қажет еткендердің барлығына қамқорлық жасауға;
- Оқу үлгерімі мен тәртіп, тазалықты қадағалауға, қоғамдық іс-шараларға жауапкершілікпен қатысуға; қасындағы білім алушыларды сыйлауға;
Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі құрылымы:
Білім алушылардың өзін-өзі басқару кеңесі төрағасы — кеңес мүшелерін басқарады.
Оқу жылында айына бір рет жиналыс өткізеді, жүргізілетін жұмыс түрлеріне есеп беріп отырады.
Жиналыста :
- Кеңес төрағасы мен кеңес секторлары дауыс беру арқылы сайланады;
— Басқару төрағасын және басқа секторларды сайлап, олардың өкілдігін және міндеттерін белгілейді;
— Басқару төрағасының және секторларының жұмысын бағалайды;
— Кеңес қызметіне қатысты кез келген сұрақтар бойынша шешімдер қабылдайды;
Өзін-өзі басқару кеңесінің атқаратын жұмысы:
- Колледж оқушыларының оқу үлгерімін жақсарту, сабаққа қатысуын, үздіктердің санын көбейту топ старосталарына міндеттеледі.
- Білім алушылардың жеке бас тазалығы, жатын бөлме тазалығы, оқу құралдары, топ тазалығы, колледж киім формасын үнемі бақылауда болуы Тазалық секторына міндеттеледі.
- Білім алушылардың шығармашылық деңгейін қадағалап, түрлі үйірмелерге қатысуға, соған орай іс-шаралар өткізу Мәдениет секторына міндеттеледі.
- Білім алушылардың денсаулықтарын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, түрлі спорт үйірмелеріне тарту Спорт секторына міндеттеледі.
- Білім алушылардың арасында келеңсіз жағдайларды болдырмау, ұлдар мен қыздар арасындағы мәселелерді қадағалап, тәртіпті бақылау ұлдар мен қыздар секторларына міндеттеледі.
- білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ай сайын түрлі тақырыптарда ақпараттандыру жүргізу «Сырласу» клубы секторларына тапсырылады.
- Іс-шаралар мен кештерде залды көркем безендіру және музыкамен жабдықтауға жәрдем беру диджей мен безендірушіге тапсырылады.
Колледж ішіндегі іс-шараларға атсалысу, мәдениет орындармен байланыста болу. Дарынды оқушылардың іс-шараға қатысуына ықпал ету.
Тазалық секторы Білім алушылар кеңесі секторларының міндеті
Білім алушылардың өзін-өзі басқаруының ұйымдастырушылық құрылымы
Білім алушылар кеңесінің төрағасы :
Білім алушылар кеңесі мүшелерімен тығыз байланыста болуы керек. Өз мүшелерінің тапсырмаларын өз уақытында
орындалуын қадағалау. Колледж ережелерін түсіндіріп, мағлұмат беру.
Ұлдар секторы:
Ұлдар арасындағы тәртіпті күшейтіп, жолдастарының жауаптарын мұхият тыңдауға, өзге тірліктермен айналыспауға, оқытушының барлық нұсқауларын орындауға үйрету.
Қыздар секторы:
Қыздар арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, жинақы, таза жүруге үйрету. Ұжымдық қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Спорт секторы:
Колледж ішінде, және қалалық сайыстарға оқушыларды қатыстыру. Спорт үйірмелер кестесін жоспарлау. Студенттерді Салауатты өмірге тәрбиелеу.
Мәдениет секторы:
Колледж ішіндегі жатақхана ішкі тазалығына, әр сәрсенбі,жексенбі тазалық күні, бөлме тазалығын тексеру.

2020-2021оқу жылындағы өзін өзі басқару
кеңесінің мүшелері
№ | Секторлар | Аты-жөні | курстары |
1 | Кеңес төрағасы | Е.Уматулла | 3курс |
2 | Ұлдар секторы | М.Әшірбек | 3курс |
3 | Қыздар секторы | Г. Курбан | 2 курс |
4 | «Сырласу» қыздар клубының секторы | А.Есенғалиева | 2 курс |
5 | «Сырласу» ұлдар клубының секторы | Д. Орманов | 3 курс |
6 | Тазалық секторлары | Е.Дымурин І.Қасымханова | 3 курс 2 курс |
7 | Қоғамдық ақпарат және діни сауатылық секторы | Н.Кенетаев А.Абдразахов | 3 курс 2 курс |
8 | Спорт секторлары | Н.Керімбай С.Сейдалхан | 2 курс 2 курс |
9 | Мәдениет және әділет секторы секторлары | Н.Жақсылық Ұ.Ахметова | 2курс |
10 | Іс-шараларда безендіруші, редколлегия | М.Анарбеков | 2 курс |
11 | Диджей музыкант | Ж.Жағыпаров | 3 курс |