Жатақхана

Холл — білім алушылар демалатын орын, теледидар, WiFi интернетпен қамтылған.

Жатақхана коридорлары — бейнекамералар орнатылған, тәулік бойы күзеттің бақылауында.

Асхана — 80 орындық асхана, фильтрленген таза ауыз суымен және 4 мезгіл құнарлы тамақпен қамтылған.

Жатақхана — 1 секцияда 2 бөлмеден турады. 1 бөлмеде 2 білім алушыдан жатады. Бөлмелерде душ, туалет, ыстық су бар. Бөлмелер күнде тазаланады. Ай сайын тіс пастасы, тіс щеткасы беріледі. Ай сайын бөлмедегі төсектер ауыстырылады. Апта сайын баня жұмыс жасайды.

Акт залы — 80 орындық әр түрлі іс-шаралар өткізу арналған үлкен зал. Колледжде жоспарға сәйкес іс-шаралар өтеді.

Жатақханада демалыс орындары көп.

Галерея — білім алушылардың үйірме сабақтарында орындаған өнерлері, көлдан жасалған бұйымдары орналасқан.

Жатақханада заманауи монша орналасқан. Әр аптаның сәрсенбі күні баня.

Білім алушылардың киім-кешектерін, төсектерін және басқа да заттарын тегін жуып беріледі.

Жатақханада шаштараз орналасқан. Апта сайын білім алушыларға тегін қызмет етеді.

Колледжде білім алушыларды тасымалдауға арналған микро автобус тегін қызмет атқарады.

Колледж сыртқы алаңында саябақ орналасқан. Сабақтан бос уақытта білім алушылар демалатын орындармен қамтылған.