Бухгалтер-кассир

3W04110101  » Бухгалтер-кассир» мамандықтың жалпы мінездемесі

Білім коды және бейіні: 04110100 — Есеп және аудит

Мамандығы:                    04110100 — Есеп және аудит

Біліктілігі:                        0518012Есепші

          3W04110101  » Бухгалтер-кассир» мамандығы ҚР сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің 2008 жылдың 03 маусымындағы №273-од бұйрығымен бекітілген.

         3W04110101  » Бухгалтер-кассир» мамандығы бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру нысаны:   күндізгі

         Күндізгі оқу түрінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын мамандықтар бойынша меңгерудің нормативтік мерзімі:

  • Негізгі орта білім негізінде  —  2 жыл 10 ай
  • Жалпы орта білім беру базасында – 1 жыл 10 ай

Есепшінің кәсіптік қызмет объектілері:

— әр түрлі ұйымдық – құқықтық меншік түрлеріндегі ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің есебін жүргізу болып табылады.

3W04110101  » Бухгалтер-кассир» маманы кәсібінің қызметінің түрлері:

— мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық әрекеттерінің (негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, өнімді өндіру мен іске асырудағы шығындар, қаржы-шаруашылық қызмет, нәтижелері, жеткізуші мен тапсырысшылармен есеп айырысулар, ақшалай операциялар және т.б) есебін жүргізу жұмысын жүзеге асырады.

3W04110101  » Бухгалтер-кассир»

  • Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық әрекеттері мен есеп берушіліктің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу;
  • Ұйымдарда бухгалтерлік есептің түрі мен әдістерін білу, ұйымның есеп саясатын әзірлеуге қатысу;
  • Есептер жоспарын білу және есептер корреспонденциясын құруды, бухгалтерлік тіркеуді жүргізе білу;
  • Бастапқы есептік құжаттарды толтыра білу және бухгалтерлік есепке алуды дұрыс ұйымдастыра білу;
  • ҚР-ның еңбек туралы заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын қолдана білу;
  • Өнімнің өзіндік құнының есеп беру калькуляциясын, ысырап көздері мен өндірістік емес шығындарын құра білу;
  • Заңнамаға сәйкес бюджетке төленетін салық пен өзге де міндетті төлемдерді, зейнетақы жарналарын, қызметкерлердің еңбекақысымен уақтылы есеп айырысу, капиталдық салымдарды қаржыландыру қаражатын аудара алуды білу керек;
  • Резервтерді анықтау мақсатында бухгалтерлік есеп және есеп беру деректері бойынша қаржы-шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жасй білу;
  • Экономикалық ақпаратты автоматты түрде өңдеудің қазіргі бағдарламаларымен жұмыс істей алу.