Жатақхана ережесі

“Бекітемін” Арнаулы кәсіптік колледж директор

Аяпбергенова Р.М.

                                                                             Жатақханада тұру ережелері

                         1. Жалпы ережелер

1.  Жатақхананың ішкі ережелері оқу орнының әкімшілігімен құрылған және ол жатақхананың барлық тұрғындарына қатысты.

2.  Ішкі тәртіп ережелері жатақхананың алдағы тәртіптерін нығайтуға ықпал етеді.

3.  Жатақхана білім алушылардың оқу кезінде уақытша тұрғылықты орны болып табылады.

4.  Жатақхана бөлмелері керекті жиһаздармен, төсек орындармен және қажетті құралдармен жабдықталған.

5.  Жатақхананың және тұрмыстық бөлмелердің күн тәртібін оқу орнының әкімшілігі анықтайды.

                         2. Жатақханаға кіру және шығу тәртібі

1. Жатақханаға  кіру  әкімшіліктен арнайы берілген рұқсатпен жүзеге асырылады.

2. Жатақханаға орналасу үшін білім алушылар медициналық байқаудан өтеді.

 3. Орналасқаннан кейін орналасушы жатақхананың ішкі ережелерімен, келісім-шарттарымен танысып, оған қол қояды.

 4. Жатақханаға орналасушыға өрт қауіпсіздігі ережелері таныстырылады және электроқұралдарды, тұрмыстық техникаларды пайдалану ерекше жағдайдағы білім алушылар үшін шектеледі.   

     Қауіпсіздік ережелерімен және тұру нормаларын комендант таныстырады.  Жатақханаға орналасушы техника қауіпсіздік ережесі  журналына тіркелу керек. Оған жауапты комендант.

 5. Жатақхананың тұрғындары әкімшіліктің немесе қызметкерлердің шешімі бойынша бөлмеден екінші бөлмеге (қажет болса) ауыстырылуы   мүмкін.

6. Келушілер азық- түлік әкелген жағдайда бекітілген тізімге сәйкес тиісті қызметкерлердің бақылауымен қабылданады.

7. Келушілерге (ата-аналар) белгіленген кестеге сәйкес күндері  ғана жатақханаға кіруге рұқсат беріледі.

8.  Әкімшіліктің шешімі бойынша оқудан шығарылған жағдайда, шығару бұйрығы шыққан соң 1күн ішінде жатақхананы босатуы тиіс.

9.Оқуды аяқтап, қолына диплом алған кейін білім алушы жатақхананы бір күн ішінде босатады.

10.Жазғы демалыс және өндірістік іс-тәжірибе кезінде тұрғындар бөлмені, алынған төсек орынды комендантқа тапсырып, жатақхананы босатады.

11. Жатақханада тұрушылар тұру тәртібін бұзу, лайықсыз тәртіп дәлелдерін жіберу түрінде бұзушылықтар жасаған жағдайда шартта алдын-ала қарастырылған тәртіппен  жатақханадан шығарылады.

                       3. Жатақханада тұрушы міндетті:

–  Жатақхананың ішкі ережелерін қатаң сақтануға;

– Бөлмесіне, жабдықтарына дұрыс қарау және электр энергияны, суды үнемдеуге;

– тазалық тәртібіне сәйкес сәрсенбі, жексенбі жатақхананың тұрғын жайларын, қажет болған жағдайда жатақхананың айналасын жинау;

– мәдени шараларға қатысу және оларды ұйымдастыруға ат салысу;

– өзінің жеке мүлкін сақтауға;

– жатақханадан ұзақ мерзімге кету кезінде ( ауырып қалу, демалыс) комендантқа ескертіп, құнды заттарды тапсырып кету;

                    4. Жатақхананың тұрғындарына тыйым салындады:

– Жатақхананың тізімінде жоқ бөтен кісілерді кіргізуге, бір түнге қондыруға болмайды;

– Алкогольді және нашақорлық жағдайда жатақханаға келуге;

– Басқа бөлмелерге коменданттың рұқсатынсыз көшпеу;

–  жатақхананың жайларында шылым шегуге болмайды;

– бөлмеде ит, мысықтарды басқа жануарларды ұстауға болмайды;

– терезеден қоқыстарды лақтыруға болмайды;

– терезеден заттарды және сөмкелерді ілуге;

– Музыкалық аспаптардың  дауысын қатты қоюға болмайды;

– Басқа тұрғындарға және қызметкерлерді бопсалау, қатігездік көрсету, жанжал және басқа бұзықтықты әкімшілік тәртіппен шешіледі;

– 22.00-ден 06.00-ге дейін ән салуға, байланыс құралының даусын қатты қоюға, теледидарды қатты қосуға және тұрғындар демалысына бөгет жасауға тыйым салынады;

– Әкімшіліктің рұқсатынсыз дискотека жасауға;

– өз қалауымен бөлмелердің  кілттерін ауыстыруға болмайды;

– тұрғын емес жайларға өз бетімен кіруге тыйым салынады;

                     5.   Алғыстар

Жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін сақтап, мәдени шараларға қатысып, үлгілі тәртіптері мен колледж маңын абаттандыру  жұмыстарына  үлес  қосқандары  әкімшілік  алғыс  жариялайды .

                    6. Белгеленген тәртіптерді бұзған үшін мынадай жазалар қолданады

ескерту;

– сөгіс;

– жатақханадан шығарылу.                                                                     

                                                                                                                                  Комендант                 Н.Архарбекова