Цикл бірлестіктері

«Ақпараттық технологиялар» бірлестігі

2020-2021 оқу жылындағы ақпараттық технологиялар  бірлестігінің жұмыс жоспары

Жаңа 5-жылдың тақырыбы: «ХХІ ғасыр – оқушыларды ақпараттық қоғам дәуіріне бейімдеу». ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Өткент 5-жылдың  тақырыбы: «ХХІ ғасырдың ақпараттық технологияларын пайдалана отырып кәсіби білім-біліктілікті арттыру».

Әдістеме бірлестігінің мақсаты:

  1. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру.
  2. Мұғалімдердің барлық жұмыс түрлерін жүйелеу.
  3. Әдістемелік жұмыстарды және мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.
  4. Оқу бағдарламаларын жоспарлау және нақтылау.
  5. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін енгізу және тәжірибе алмасу.

Әдістеме бірлестігінің міндеттері:

  1. Білім және біліктілік сапасын көтеру.
  2. Жаңа технологиялардың оқыту құралдары мен әдістерінің тиімді түрлерін анықтау және қолдану.
  3. Педагогикалық шеберлігін арттыру.
  4. Өз білімін көтеру курстарына қатысу.
  5. Әдістемелік озық тәжірибелерді тарату.
  6. Кабинеттерді безендіру, колледжшілік және қалалық жарыстарға қатысу.
  7. Қиын тақырыптарды таңдап жоспарлауды ұйымдастыру.

2020-2021 оқу жылындағы ақпараттық технологиялар  бірлестігінің жұмыс жоспарыСкачать

«Есепші» бірлестігі

«Тігінші» бірлестігі

«Жаратылыстану пәндер» бірлестігі