Виртуалды оқуға қабылдау

Құрметті АБИТУРИЕНТ!

Оқуға құжаттарды тапсыру үшін төмендегі бейнероликпен танысып алыңыз:

ТжКБ ұйымдарына SMART NATION (college.snation.kz) арқылы құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулық

CALL-CENTER

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

WhatsApp +77087151474

Сымтетік-факс: 8 (72536) 4-06-54, 4-07-59, 4-09-63

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Арнаулы кәсіптік колледжі”  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020-2021 оқу жылына оқушылар қабылдайтынын хабарлайды. Оқуға 9-шы және 11-ші сыныптан кейін ІІ-ІІІ топтағы мүгедек балалар қабылданады. Сондай ақ бөгде адамның көмегінсіз жүріп-тұра алатын І топтағы балалар қабылданады.

БІЛІМ АЛУШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА БОЛАДЫ!

  1. 5 мезгіл тамақ (құнарлығы өте жоғары).
  2. Медициналық қызмет көрсету (физ.кабинет,ЛФК,дәрі-дәрмектер тегін беріледі).
  3. Киім беру (екі маусымды киім-кешек ж/е оқу құралдары тегін беріледі).
  4. Жатақханада тұру (душ, монша, санитарлық қызмет, бөлек бөлме, демалыс орындары, оқушыларға арналған көлік, тренажер залы).
  5. Білім тегін беріледі (қалалық мәдени іс-шараларға қатысу, мерекелі кештер тегін, саяхаттау).
  6. Мүгедектік зейнетақылары толығымен сақталыып отырады.
  7. Үздік студенттерге шәкіртақы беріледі.

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ:

  1. Өтініш
  2. Жеке куәлік (паспорт), туу туралы куәлігін оқуға түсуші жеке өзі, ата-анасы немесе заңды тұлғалары көрсетуі тиіс;
  3. тұрғылықты мекен-жайынан анықтама
  4. Шетелдік және Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ азаматтарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілгені жөнінде тұрғылықты жері бойынша тіркелген белгісімен: — шетелдік
  5. ҚР-да тұратын шетел азаматы-азаматтығы жоқ — азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі; оралман — оралман жеке куәлігі немесе миграциялық карточка.
  6. Білімі туралы құжаттың түп нұсқасы(аттестат);
  7. Мүгедектігі туралы МСЭК анықтамасы;
  8. Амбулаториялық карта, №63/у алдын-ала екпелер картасы;
  9. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы куәлігі түп нұсқасы;
  10. Қалалық немесе аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы;
  11. 3х4 фото сурет — 4 дана;
  12. 086/у медициналық анықтама;
  13. Ауру тарихының көшірмесі (выписка);
  14. Жекешеленген оңалту бағдарламасы;
  15. Наркологиялық және Психикалық диспансерлік есепте тұрмайтындығы туралы анықтама.

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:

20 маусымнан — 25 тамызға дейін күндізгі оқу бөліміне сұхбаттасу арқылы қабылданады.Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы өтеді. Колледжге қабылдау 31 тамыз. Жатақханаға 31 тамыздан бастап орналастырылады. Бітірген білім алушыларға “Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы”, “Бухгалтер-кассир”, “Арнайы тігінші” квалификациясы тағайындалып, МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ беріледі.

МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ:

  1. 3W06120101 — Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы
  2. 3W04110101 — Бухгалтер-кассир
  3. 3W07230102 — Арнайы тігінші

ОҚЫТУ ТІЛІ:

Қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.

ОҚУ МЕРЗІМІ:

9 сынып негізінде — 2 жыл 10 ай.

ЕСКЕРТУ:

I топтағы мүгедек балалар және эпилепсия, туберкулез, психикалық жүйке ауруларымен сырқат балалар оқуға қабылданбайды.