3W07230102 «Арнайы тігінші» мамандықтың жалпы мінездемесі
Білім коды мен бейіні: 07230100 — Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу. Көпшілікке тұтынатын тауарлар мен бұйымдар технологиясы.
Біліктілігі: 3W07230102 «Арнайы тігінші»
3W07230102 «Арнайы тігінші» мамандығы ҚР сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің 2008 жылдың 03 маусымындағы №273-од бұйрығымен бекітілген.
3W07230102 «Арнайы тігінші» мамандығы бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру нысаны: күндізгі
Күндізгі оқу түрінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын мамандықтар бойынша меңгерудің нормативтік мерзімі:
- Негізгі орта білім негізінде — 2 жыл 10 ай
- Жалпы орта білім беру базасында – 1 жыл 10 ай
Арнайы тігіншінің кәсіптік қызмет объектілері:
-жеке тапсырыстармен киімді тігу, жөндеу және жаңарту, тігін бұйымдарының үлгілерін тігу жұмыстарын орындауға технологиялық процесс;
Арнайы құзірет: Лауазымның таңдаған саласында нақты білім,іскерлік,дағдылар негізінде маманның кәсіптік мәселелер жиынтығын шешу қабілеттілігі.
3W07230102 «Арнайы тігінші» біліктілігі:
-жеке тапсырыстар бойынша киімді тігу, жөндеу және жаңарту жұмыстарының барлық түрлерін орындайды.
-орындалатын операциялардың технологиялық талаптарға сәйкестігіне бақылау жасайды.
-сыртқы және астар бөліктерінің, жіптер мен фурнитуралардың түстерінің сәйкестігіне бақылау жасайды.
-қызмет көрсететін машиналардың жұмыстарындағы ұқсас ақауларды жөндейді.
-қолданатын материалдардың қасиеттеріне байланысты өңдеу режимдерін және әдістерін таңдау
-ұсақ ақауларды жөндеу жұмыстарын орындау
-еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерін, өрт және экологиялық қауіпсіздікті сақтау;
-жеке тапсырыстар бойынша бұйымдарды тігу кезіндегі күрделі технологиялық операцияларды орындауды меңгеру;
-тігін өндірісі саласындағы кәсіпкерлік қызметтің дағдыларын меңгеру;
-қазіргі заманғы жабдықтардағы жұмыс дағдыларын меңгеру;
-әртүрлі ассортиментті топтардағы киімдерді жөндеу және жаңарту жасау;
-орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету;
[ngg src=»galleries» ids=»31″ display=»basic_thumbnail»]