Аккредитация

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын институционалды аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы (АТҚО – НКЦA) Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы кәсіптік колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне институционалдық аккредиттеу аясында институционалды аккредиттеу стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сыртқы эксперттік комиссиясы 2020 жылғы 18-20  мамыр аралығында бағалау жүргізді.

          Жұмыс барысында колледж инфрақұрылымы оқу кабинеттері, кітапхана, компьютерлік класстар, жаттығу залдары, оқу залы, тренажер залы, жатақхана, медициналық пункт, асхана қаралды. Сонымен қатар, колледждің оқу-әдістемелік комиссиясының құжаттары, педагогикалық кеңес құжаттары, бөлімдер мен оқу бөлімінің құжаттары, жалпы ішкі бақылау құжаттары қаралды. Мақсатты бақылау нысандарынан бөлек колледж әкімшілігімен және инженерлік-педагог кадрларымен, білім алушылармен, колледж түлектері және жұмыс берушілермен интервью жүргізілді. Сарапшылар бөлімдердің құжаттамасымен, жұмыс барысымен, оқу және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен толығырақ танысты.           Нәтижесінде «Арнаулы кәсіптік колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 жылға институционалдық және мамандандырылған аккредиттелді. Жарамдылық мерзімі: 22.05.2020ж – 21.05.2025ж.

Мамандық атауы

Біліктілігі

Тіркеу нөмірі

1

Институционалдық аккредиттеу

IA № 0140

2

Мамандандырылған аккредиттеу

1

1304000-Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

1304012-Санды ақпараттарды қайта өңдеу маманы

SA  № 0627

2

1211000-Тігін өндірісі және киімді үлгілеу

1211062-Арнайы тігінші

SA № 0626

3

0518000-Есеп және аудит (салалар бойынша)

 

0518012 — Бухгалтер

 

SA № 0628