Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы

3W06120101 — «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы»

мамандықтың жалпы мінездемесі

Білім коды және бейіні:  06120100 — Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

Мамандығы:                    06120100 — Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

Біліктілігі:  3W06120101 — «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы»

          3W06120101 — «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» кәсібі Қазақстан Республикасы Энергетика, өнеркәсіп және сауда министрлігінің  стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 2008 жылдың 03 маусымындағы №273-од бұйрығымен бекітілген.

          3W06120101 — «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» мамандығы бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру нысаны:   күндізгі

Күндізгі оқу түрінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын мамандықтар бойынша меңгерудің нормативтік мерзімі:

  • Негізгі орта білім негізінде  —  2 жыл 10 ай
  • Жалпы орта білім беру базасында – 1 жыл 10 ай

 3W06120101 — «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» маманының кәсіби қызметі: — жұмыстық бағдарламаларға сәйкес ақпаратты өңдеу үрдісі жүргізілуін қамтамасыз ету; байланыс кабельдері мен техникалық тасымалдауыш құрылғыларынан ЭЕМ-ға сандық және басқа да ақпараттарды енгізу, шығару, тасымалдау немесе керісінше.

 3W06120101 — «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» білуі керек:

  1. Өрт қауіпсіздік ережелері мен техникалық қауіпсіздікті сақтау;
  2. Кәсіби біліктілігін модернизациялау мен үздіксіз өзін-өзі жетілдіру

      қабілеттілігін көрсете білу;

  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану;
  • Әртүрлі ақпарат көзімен жұмысты ұйымдастыру – іздеу, өңдеу, сақтау

және іске қосу;

  • Жұмысты орындауда ең тиімді жолдарды таңдау, шешім қабылдауды

ұжыммен бірлесе отырып шешу;

  • Қойылған мақсатқа сәйкес өз қызметін жоспарлау мен нақты шешімді

орындау.

 3W06120101 — «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» пайдалана білуі керек

  1. ЭЕМ-ны қолдану арқылы ақпаратты енгізу, өңдеу, сақтау және шығару;
  2. ЭЕМ-ның ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыруын білу

және қолдана білу;

  • ЭЕМ-ның қазіргі заманғы перифериялық құрылғыларын қолдану;
  • ЭЕМ-ны жабдықтауды орындау;
  • Интернет және жергілікті желіні баптау және қолдану;
  • Атқарылған жұмыстың нәтижесін рәміздеу;

 3W06120101 — «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» меңгеруі керек:

  1. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолданып, ЭЕМ-да

жұмыстарды орындау;

  • Операциялық жүйелерді, қолданбалы бағдарламаларды, драйверлерді,

утилиттерді орнату және баптау;

  • Жүйенің жұмысын жақсарту үшін қызметтік бағдарламаларды қолдану;
  • Қазіргі заманғы ЭЕМ-нің жүйелік блогын бөлшектеу, жинақтау;
  • ЭЕМ мен перифериялық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді

орындау;

  • Жұмыс істеу барысында қазіргі заманғы оргтехниканы қолдану.