Колледж миссиясы

Колледж миссиясы, жоспар, ережелер, устав жарғы, жылдық жоспар, қоғамдық кеңес ережесі, қамқоршылық кеңес туралы ереже,

«МИССИЯ, МАҚСАТТАР ЖӘНЕ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ»

Колледждің қызметі колледждің 2019 – 2023 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, онда техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртуға, жұмысшы мамандарды даярлауға бағытталған миссиясы, міндеттері мен даму болашағы айтылған.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты  Қазақстан халқына  жолдауында «білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналады деп атап көрсеткен.

Колледж қызметі оның миссиясы бойынша анықталады. Колледждің миссиясы түпкілікті нәтижеге бағытталған оның қызметінің мәні болып табылады, колледж мәртебесін, оның жұмыс қағидаларын және басшылықтың ниетін жариялайды.

Мекеме қызметінің мақсаты – стационарлық стандарттарға сәйкес жасы 15-тен асқан мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету болып табылады. 

        Орталықтың негізгі міндеттері:

  • Кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасау;
  • Білім алушыларға медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету және оқыту процессінде оларға сапалы білім бере отырып, оңалту;
  • Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін кәсіптік білім берудің кәсіби оқу бағдарламалары жалпы кәсіптік, экономикалық арнайы пәндерді оқытуды және таңдаған мамандығы бойынша кәсіби мамандығының болашағын айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарын орындау;
  • Білім алушыларға қол жеткізген кәсіби біліктілік (разряд, класс, категория) деңгейін иемденуді қарастыру;
  • Жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту;
  • Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне жете түсіну көзқарасты  қалыптастыру;

Жалпы, елімізде мүмкіндгі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған ұлттық жоспар бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарды белсенді өмірге тарта отырып, олардың өздерін қоғамның толық мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінулеріне жағдай жасау қажет. Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды түсіну, әлеуметтік жәрдемақыларды уақытылы төлеумен ғана байланысты емес.  Ең бастысы олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек. Бұл ретте мүгедектерді оңалту мен оларды қоғамға кіріктіру міндеттерін сапалы жүзеге асырудың маңызы зор. Олар қоғамның толыққанды мүшесі ретінде көптеген игілікті іс атқарып жатқанын біз жақсы білеміз. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі спортшыларымыздың, өнерлі жастарымыздың еңбегі ерен. Түрлі қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға, байқауларға қатыса отырып, жүлделі орындарынан көрінуі осының дәлелі.

Сонымен қатар, кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды орынға ие. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы салалық және өңірлік монополизмді жоюға, рынокта тауарлар мен қызметтерді көбейтуге, жаңа жұмыс орындар ашуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер бар.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың пайдасы, мемлекетімізге алып келер үлесі орасан зор. Дәл осы кәсіпкерліктің түрлерін дамытпай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, рынокты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын және орта бизнес шешуші фактор. Жыл сайын бітіруші түлектеріміздің арасында өзінің жеке кәсіпкерлігін ашып, елге қызмет жасауға ниет білдірушілер бар. Кәсіпкерлік мектебінен білім алып өз жобаларын ұсынып, қайтарымсыз несие алып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

Даму бағыттарының басымдықтарын анықтауда  Колледж:

— ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын;

—  ҚР «Білім беру туралы» заңы, 2007 жылғы 27 маусым, № 319-III;

— Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында «Үш тілді меңгеру» міндеттерін;

— «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына 20 қадам» бағдарламасында көрсетілген білім саласындағы ұлттық саясатын;

— Елбасының «Ел ертеңі-білімді жастар»  атты мақаласын;

-“Техникалық және кәсіптік білім беру қызметінің үлгілік қағидаларын” басшылыққа алады.

Миссиясы:

            Мүмкіндігі шектеулі 15-35 жас аралығындағы азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсете отырып, білімді, жаңашыл, кәсіптік білім мен құзіреттілікті игерген, білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. 

Мақсаты:

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасай отырып,  ұлттық сана сезімі жоғары, рухы мен ойлау дәрежесі биік, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, ғылым мен техниканы меңгеруге қабілетті сапалы мамандарды дайындау.

Өзекті  құндылықтар:

-Колледждегі білім алушылар оқытушылар және қызметкерлер игілігі;

      -Алқалық және сенім жағдайындағы тұлғалық өсу және кәсіптік дамуды қолдау;

-Оқыту сапасын жақсарту, ғылыми зерттеу және білімді дәріптеу;

-Өз қызметін этиканың жоғарғы стандарттарына сәйкес атқаратын қоғамның болашақ көшбасшыларын даярлаудағы адалдық, әділдік, жауапкершілік;

-Қоғам, білім алушылардың ата-аналарымен, жұмыс берушілермен байланыс;

-Колледждің ішкі және сыртқы қызметіне байланысы жоқ, ұлты, діні және басқа да факторларға қарамастан, барлық адамдардың құндылығы;

     — Колледждің аймақтық беделі және оның білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесінің құндылығы.

Колледждің тұрақты дамуы, қол жетімділігі, жоғары сапасы мен тиімділігі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1.Құзыреттілік тәсіл негізінде мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз ету.

2. Білім беру үдерісін басқарудың тиімді механизмі, ресурстық қамтамасыз ету және  колледжді дамыту.

Колледж қызметінің миссиясы, пайымдауы, стратегиялық бағыттары ұжымның материалдық, қаржылық, кадрлық және зияткерлік ресурстарын талдау және оларды іске асыру мүмкіндігін бағалау негізінде құрылған.

 Миссиясы, пайымдауы және стратегиясы бір-бірімен келісілген, колледж қолда бар ресурстарымен қамтамасыз етіледі және еңбек нарығының қажеттіліктеріне және ҚР Білім беру саясатына сәйкес келеді. Миссияны жүзеге асыру үшін колледжде жеткілікті ақпараттық, материалдық және кітапханалық ресурстар бар.

Колледждің стратегиялық даму жоспарының жобасын дайындау үшін даму үрдістері мен жағдайын анықтау мақсатында колледж қызметінің негізгі нәтижелері, сонымен қатар жылдық есептер негізінде жұмыстағы жетістіктер мен кемшіліктердің себептері талданды. Колледждің 2019-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын әзірлеу колледждің жұмыс істеуін талдау, сондай-ақ кадрлық әлеуетті, аймақтағы мамандарға деген сұранысты және колледждің білім беру қызметінің көпжылдық тәжірибесін ескере отырып жүргізілді.

Колледждің стратегиялық бағыттары пән бірлестіктерінің отырыстарында талқыланды. Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар педагогикалық кеңес отырысында тыңдалып, талқыланды, одан кейін олардың соңғы нұсқалары қалыптастырылды.  Оқытушылар мен қызметкерлер стратегияның жалпы көрінісін және оның басым мақсаттарын қалыптастыруға қатысты, ұсыныстар жасады, жұмыс барысын талқылады және бағалады.

«Арнаулы кәсіптік колледжі»  КММ миссиясы, міндеттері туралы негізгі ақпарат көздері алқалық органдардың отырыстары, директор жанындағы кеңес, ПК отырыстары, нұсқаулық-әдістемелік кеңестер, дөңгелек үстелдер, директордың жас оқытушылармен және белсенді студенттермен кездесулері болып табылады.

Білім беру қызметі нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті және тиімділікті тану мақсатында колледж бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет туралы ақпаратты тұрақты түрде ұсынады, кәсіби бағдар беру іс-шараларын ұйымдастырады.

Колледждің даму стратегиясын жүзеге асыру үшін сапа саласындағы саясаттың келесі негізгі бағыттары анықталды:

  • заманауи сапалы білім алуға және білім алушылардың кәсіби дайындығына кепілдік беретін оқу орны болу;
  • мотивацияны қалыптастыру, шығармашылық бастаманы қолдау, мәдениетті дамыту арқылы білім сапасын арттыру қызметіне колледж қызметкерлері мен білім алушыларын белсенді тарту.

Миссияның, көзқарастың және стратегияның келісілу дәрежесі негізгі көрсеткіштердің тұрақтылығымен анықталады – қабылдау, шығару, жұмысқа орналастыру, түлектердің өңір кәсіпорындарында сұранысқа ие болуы. Колледжді дамытудың таңдалған саясаты мен басымдықтары еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жұмысшы мамандарын даярлау бойынша білім беру саласында белгілі бір орын алуға мүмкіндік берді.

Колледжде кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

Колледж басшылығы мен ұжымы оқу, өндірістік, әлеуметтік және тәрбие қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ колледждің беделі мен имиджін одан әрі нығайту бойынша үлкен күш жұмсайды. Стратегияны іске асыру үшін ішкі нормативтік құжаттар: жарғы, ішкі тәртіп ережесі, қызмет бағыттары бойынша ережелер, жергілікті актілер, лауазымдық нұсқаулықтар әзірленді.