Медицина бөлімінің ережелері

Колледжде тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Дәрі-дәрмектер тегін беріледі. Білілм алушылар жоғары дәрежелі дәрігерлер, медициналық қызметкерлер назарында болады.Қалпына келтіріп емдеу – аурудың организмін функционалды қабілеттілікте қолдау және қалпына келтіру бағытында жүргізілетін кешендік шара. Медициналық сауықтыру – аурудың денсаулығы мен ағзаның  бұзылған және жоғалған функцияларын қалпына келтіруге бағытталған кешендік медициналық көмек. Медициналық сауықтырудың мақсаты – денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру, жеке және әлеуметтік статусты, материалдық және әлеуметтік тәуелсіздікті, қоғамдық өмірдегі кәдімгі жағдайды қалпына келтіру.

Қалпына келтіру емі мен медициналық сауықтырудың негізгі түрлері:

  1. медикаментоздық (патогенездік) ем, фармакологиялық терапия;
  2. қайта ауыстырымдылық хирургия (жедел қайта ауыстырымдылық – қалпына келтіруші және пластикалық операциялар, аорто – коронарлық тамырластыру, жүректің клапандарын және тамырларын протездеу, органдарды ауыстырып қондыру);
  3. емдеудің физикалық әдісі:
  4.  электрлі емдеу (гальванизация, электрофорез, электросон, диадинаметрия, амплипульстік ем, электростимуляция, флюктуризация, дарсонвализация, индуктотермия, ультражоғары жиілік ем, микротолқындық ем, кванттық ем, магниттік ем);
  5. сәулемен емдеп жазу (инфроқызыл сәулелендіргіш, ультракүлгін сәулелендіргіш, лазерлік сәуле);
  6. ингаляциялық ем (аэрозоль және аэроионо ем, гало ем, баро ем, оксигено ем).
  • жылыбалшықпен емдеу (парафино – озокеритомен емдеу, балшықпен емдеу,дененің белгілі бір жеріне шипалы балшықты, парафинді бейімдеп қондыру);
  • емдік  дене шынықтырулары, емдік гимнастикалар (жеке және топпен).
  • ертеңгілік  гигиеналық  дене  шынықтырулары, қыдыру және жүру  (терренкур), спорттық ойындар мен спорттық жаттығулар;
  • мануалды ем, массаж ( классикалық ,сигментарлық, нүктелік, тықылдату,  діріл массажы);
  • еңбекпен емдеу – аурудың еңбекке қабілеттілігін және бұзылған функцияларды қалпына келтіруге арналған белсенді әдіс. Еңбекпен емдеу жалпы бекіткіш, қалпына келтіргіш және кәсіби (бұрынғы қалпына және формасына келтіруге бағытталған кәсіби сапасымен қабілеттілігі, сол сияқты еңбекке икемділігін қалпына келтіруге бағытталған) болуы мүмкін;
  • психологиялық ем;
  • диеталық ем;
  • дәстүрлі және халықтық әдіспен емдеу (акупунктура, гомеопатия,фитоем);
  • әлеуметтік психологиялық емдеу әдісі (қызықты емдеу, ортамен емдеу, тілін қалпына келтіріп емдеу);
  • кинезо ем (организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіру үшін арнайы таңдаулы дене шынықтырулар кешені);
  • протезді – ортопедтік көмек (аурулар мен мүгедектерді протезді – ортопедтік бұйымдармен қамтамасыз ету және оны пайдалануды үйрету, сонымен қатар қалпына келтіруші, консервативті және хирургиялы емдеу кешені);
  • мүгедектерді медициналық қалпына келтіруде техникалық құралдарымен қамтамассыз ету және ол құралдарды пайдалануға үйрету

Арнаулы кәсіптік колледжі медициналық бөлімі дәрігердің қабылдау бөлмесі , егу бөлмесімен,физиоем,стоматолог бөлмесі,изолятор және емдік дене шынықтыру бөлмелерімен қамтылған. Барлық бөлмелер қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

  • Егу бөлмесі барлық егу ем-шаралары жургізіледі. Физиоем бөлмесі заманауи кұрал жабдықтармен ,атап айтар болсақ  УВЧ-60, Нуга бес массаж төсегімен, Радиус-1, УФО- кварц, ингаляция «Омрон», Алмаг-01, Каскад-7 парафин еріткіш, Светтік  ванна, «Биоптрон», «Виконте» массажер, Соллюкс, Амплипульс-5, Дарсенваль аппараттарымен жабдықталған.  Барлық білім алушыларымыз терапиялық яғни медикаментозды еммен қатар физиоемді толық алып отырады 
  • Тіс емдеу бөлмесінде заманауи жетілдірілген құрал жабдықпен қамтамасыз етілген .
  • Емдік дене шынықтыру бөлмесі  , тренажер «Ad Torso Frimera», тренажер «EASE step»,  тренажер  «AB King pro»,  тренажер «CPS.3.3»,  велотренажер «HT-4»,  вибромассажер,  электрожүгүргіш төсеніш, отырып тұруға арналған тақтамен жабдықталған.

ЕДШ бөлмесінде әр топқа туске дейінгі уақытта аптасына 2-3 кун сабақ ретінде жаттығулар жургізілсе , күнделікті тустен кейінгі бос уақытта білім алушылар өздігімен жаттығады және жаттығуды коп қажет ететін  білім алушылармен едш мұгалімі жеке жұмыс жасайды. Білім алушылар әр турлі кружокторға қатысып ,атап айтар болсақ, теннис, тоғызқұмалақ , пауэрлифтинг,отырып ойнайтын баскетбол, шахмат республикалық жарыстарға қатысып жақсы жетістіктерге жетіп жур.