Клубтар

Колледжде ұйымдастырылған клубтар тізімі:

  1. Достық клубы
  2. Дебат клубы
  3. Шабыт клубы
  4. Сырласу клубы
  5. Волонтер клубы




«Достық» клубының ережесі

КЛУБ ҚЫЗМЕТIНIҢ МӘНI:

  • Этносаралық татулық мәселелерін әділетті шешудің негізінде қоғамдық  тұрақтылықты нығайту;
  • Қазақстандық патриотизмнің негізінде этностарды біріктіру арқылы Қазақстандық  тұтастыққа қол жеткізу;
  • Өркениеттік және демократиялық негіздерге сүйене отырып, азаматтардың  саяси мәдениеттілігін қалыптастыру;
  • Қазақстан  Республикасына деген сенімділікті жоятын іс-қимылдарды,  пікірлерді болдыртпау,  алдын-алу және ескерту;
  • Оқу орнындағы түрлі этнос өкілдері арасында сенімділікті, төзімділікті, этносаралық келісімдегі қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады.

КЛУБТЫҢ МАҚСАТЫ:

  • Клубтың мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен біріктірілген қазақстандық азаматтық біртектілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету;
  • «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау бойынша студент жастар арасында ақпараттық-насихаттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
  • оқу орнында медиация институтының ашылып жұмыс жүргізілуін ұйымдастыру;
  • Қазақстан халқының тілі мен салт-дәстүрінің, ұлттық мәдениетінің жан-жақты дамытылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыру;
  • қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу; 
  • этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру; 
  • этносаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарлар, конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды жүзеге асыру; 
  • клубтың шешімі — ұсыныстар білдіру бағытында  жүргізіледі.

КЛУБ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  НЕГІЗГІ  БАҒЫТТАРЫ:

  • Достық клубының жұмысын ұйымдастыру, клуб шешімдерінің орындалуын бақылау;
  • Достық клубының жұмысына қатысты сұрақтар бойынша ақпараттық, сараптамалық, әдістемелік материалдар дайындау;
  • клуб мақсаты мен міндетін жүзеге асыруға бағытталған семинарлар, акциялар және өзге де шаралар өткізу;
  • мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту; 
  • Достық клубының міндетіне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік, қоғамдық ұлттық-мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты қарым-қатынас орнату;
  • этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу;
  • Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын іске асыру жөнінде іс-шаралар өткізу; 
  • клубтың құқықтық негiзі тиiстi мекеме басшысы бекіткен сәттен бастап жүргізіледі.

Түркістан  облысы  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  «Арнаулы  кәсіптік  колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Достық» клубының жұмысына жауаптылар туралы ақпарат

Колледж атауыКлуб жетекшісінің аты-жөні (белсенді студенттер қатарынан)Байланыс нөміріКлуб жұмысына жауапты тұлға (қызметкерлер қатарынан)Байланыс нөмірі
1 «Арнаулы  кәсіптік  колледжі»Абдиразаков Отажон Илхамович  87754279894Жүзтаев Дәулет87021226458

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Амирханова

2. Дебат клубы

Түркістан облысы  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының «Арнаулы кәсіптік колледжі» КММ-сі

Облыстың атауы  Аудан атауыКолледж атауыДебаттық клубтар саныПікір сайысшылар саны
1Түркістан облысы  Кентау қаласыАрнаулы кәсіптік колледжі      16

Тәрбие орынбасары И.Амирханова

Дебат клубының ережесі — Скачать

3. ШАБЫТ клубы — жоспары — Скачать

4. Сырласу клубының жоспары — Скачать

5. Волонтер клубының жоспары — Скачать