Ережелер

Психологиялық релаксация бөлмесі

         Колледжде психолог және психология  кабинеті,  релаксация бөлмесі бар. Релаксация   латын  тілінен аударғанда  релакс- босаңсу,жеңілдену деген сөз.  Бөлменің  мақсаты:  бала бойындағы үрей,қобалжу, депрессияны  басу, жеңілдету, психологиялық  саулығын  сақтау. Бала  организіміне  релаксация көп  қырлы  жағымды әсер береді. Барлық  сезім органдарына  және  жүйке жүйесіне оң  ықпал етеді. Бөлмеде  бала  ертегі әлеміне  еніп,қуаныш сезіміне бөленіп, өзін  толықтай  қауіпсіз сезінеді.

         Релаксация  бөлмесі  сенсорлық түрлі-түсті  жарық беретін аппаратуралармен, релаксация үшін  музыка  мен хош иісті терапия  жүргізу үшін  шамдармен, диван, кресломен   жабдықталған. Ұлттық  нақышта жасақталған бұрыш, қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін құм  тақтайшасы, ой-қиялын жетілдіру мақсатында «Жұлдызды аспан», «Сиқырлы фонтан» бар. Кез-келген білім алушының денсаулығына психоэмоционалдық күйзеліс кері әсерін тигізбеу  үшін  релаксация бөлмесінде өтілетін жаттығулар, сеанстар жағымды нәтижеге  жету  талаптарына сай өткізіледі. Алғаш релаксация туралы 1929жылы «Прогрессиялық релаксация»кітабында ағылшын ғалымы Эдмунд  Джекобсон  релаксация  адам денесіндегі қатулықты түсіретінін дәлелдеген.

         Релаксацияға келген бала қалаған жеріне отырады. Сеанс өткізу  үш кезеңнен тұрады: Кіріспе (сәлемдесу, жаттығу);  Негізгі(релаксация);  Қорытынды (нәтиже, қоштасу).   Сонымен қатар психология кабинетінде білім алушылармен тренингтер жүргізіледі, психологиялық кеңестер беріледі. Жүргізілген тренинг мақсаты білім алушыларды мейірімділікке,сүйіспеншілікке үйрету. Салауатты өмір сүру орталығының валеологтары білім алушыларға салауатты өмір сүру  үгіт-насихатын жүргізеді. Білім алушыларға дұрыс тамақтану, денсаулықты күту, темекі мен спирттік ішімдіктердің зияны, дұрыс қарым-қатынасқа түсу жолдарын үйретеді. Пихолог зерттеуші, балаға бағыт-бағдар беруші. Білім алушылармен қарым-қатынаста құпиялылық сақтау, зиян келтірмеу.