Арнаулы кәсіптік колледжге
ҚОШ КЕЛІПСІЗ !
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Арнаулы кәсіптік колледжі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүмкіндігі шектеулі балалардыоқуға қабылдайтынын хабарлайды. Оқуға 9-шы және 11-ші сыныптан кейін ІІ-ІІІ топтағы мүгедек балалар қабылданады. Сондай ақ бөгде адамның көмегінсіз жүріп-тұра алатын І топтағы балалар қабылданады.
БІЛІМ АЛУШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА БОЛАДЫ!
- 5 мезгіл тамақ (құнарлығы өте жоғары).
- Медициналық қызмет көрсету (физ.кабинет,ЛФК,дәрі-дәрмектер тегін беріледі).
- Киім беру (екі маусымды киім-кешек ж/е оқу құралдары тегін беріледі).
- Жатақханада тұру (душ, монша, санитарлық қызмет, бөлек бөлме, демалыс орындары, оқушыларға арналған көлік, тренажер залы).
- Білім тегін беріледі (қалалық мәдени іс-шараларға қатысу, мерекелі кештер тегін, саяхаттау).
- Мүгедектік зейнетақылары толығымен сақталыып отырады.
- Үздік студенттерге шәкіртақы беріледі.
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ:
- Өтініш
- Жеке куәлік (паспорт), туу туралы куәлігін оқуға түсуші жеке өзі, ата-анасы немесе заңды тұлғалары көрсетуі тиіс;
- тұрғылықты мекен-жайынан анықтама
- Шетелдік және Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ азаматтарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілгені жөнінде тұрғылықты жері бойынша тіркелген белгісімен: — шетелдік
- ҚР-да тұратын шетел азаматы-азаматтығы жоқ — азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі; оралман — оралман жеке куәлігі немесе миграциялық карточка.
- Білімі туралы құжаттың түп нұсқасы(аттестат);
- Мүгедектігі туралы МСЭК анықтамасы;
- Амбулаториялық карта, №63/у алдын-ала екпелер картасы;
- Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы куәлігі түп нұсқасы;
- Қалалық немесе аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы;
- 3х4 фото сурет — 4 дана;
- 086/у медициналық анықтама;
- Ауру тарихының көшірмесі (выписка);
- Жекешеленген оңалту бағдарламасы;
- Наркологиялық және Психикалық диспансерлік есепте тұрмайтындығы туралы анықтама.
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
20 маусымнан — 25 тамызға дейін күндізгі оқу бөліміне сұхбаттасу арқылы қабылданады.Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы өтеді. Колледжге қабылдау 31 тамыз. Жатақханаға 31 тамыздан бастап орналастырылады. Бітірген білім алушыларға “Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы”, “Бухгалтер-кассир”, “Арнайы тігінші” квалификациясы тағайындалып, МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ беріледі.
МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ:
- 3W06120101 — Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы
- 3W04110101 — Бухгалтер-кассир
- 3W07230102 — Арнайы тігінші
ОҚЫТУ ТІЛІ:
Қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.
ОҚУ МЕРЗІМІ:
9 сынып негізінде — 2 жыл 10 ай.
ЕСКЕРТУ:
I топтағы мүгедек балалар және эпилепсия, туберкулез, психикалық жүйке ауруларымен сырқат балалар оқуға қабылданбайды.