ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!
Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Арнаулы кәсіптік колледжі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2016-2017 оқу жылына оқушылар қабылдайтынын хабарлайды. Оқуға 9-шы және 11-ші сыныптан кейін ІІ-ІІІ топтағы мүгедек балалар қабылданады. Сондай ақ бөгде адамның көмегінсіз жүріп-тұра алатын І топтағы балалар қабылданады.
16 жастан 35 жасқа дейін!!!
ОҚУШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА БОЛАДЫ!
- 4 мезгіл тамақ (құнарлығы өте жоғары).
- Медициналық қызмет көрсету (физ.кабинет,ЛФК,дәрі-дәрмектер тегін беріледі).
- Киім беру (екі маусымды киім-кешек ж/е оқу құралдары тегін беріледі).
- Жатақханада тұру (душ, монша, санитарлық қызмет, бөлек бөлме, демалыс орындары, оқушыларға арналған көлік, тренажер залы).
- Білім тегін беріледі (қалалық мәдени іс-шараларға қатысу, мерекелі кештер тегін, саяхаттау).
- Мүгедектік зейнетақылары толығымен сақталыып отырады.
- Үздік студенттерге шәкіртақы беріледі.
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ:
- 3х4 фотосуреті — 4 дана.
- Ауру тарихының көшірмесі.
- Амбулаториялық карта.
- Форма-063/у (алдын-ала екпелер картасы).
- Білім туралы куәлік (аттестат)-түпнұсқа, көшірмесімен.
- Мүгедектігі туралы МӘСК анықтамасы.
- Қалалық немесе аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің жолдамасы.
- Төлқұжат немесе жеке куәлік, СТН, ӘЖТ (көшірмелері).
- Форма-086/у медициналық анықтама және тұрғылықты мекен-жайынан анықтама (флюрография).
- Құжаттар салынатын папка (скорошиватель), 2 дана дәптер, конверт.
- Өтініш.
- Кәсіби оңалту картасы.
- Психо-диспансерлік анықтама.
- СПИД-анықтама.
- Диспансерлік есептен шығу парағы.
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
1 маусымнан — 20 тамызға дейін қабылданады. 22 тамыз күні математика және ана тілі (қазақ және орыс тілдерінде), Қазақстан тарихы пәндерінен емтихан болады. Осы күні медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы өтеді. Колледжге қабылдау 25 тамыз. Жатақханаға 30 тамыздан бастап орналастырылады. Бітірген оқушыларға “ЭЕМ операторы”, “Есепші”, “Тігінші” квалификациясы тағайындалып, МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ беріледі.
МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ:
- 1304012 — Электронды есептеу машиналарының операторы.
- 0518012 — Есепші.
- 1211062 — Тігінші.
Қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.
ОҚУ МЕРЗІМІ:
9 сынып негізінде — 2 жыл 10 ай.
ЕСКЕРТУ:
I топтағы мүгедек балалар және эпилепсия, туберкулез, психикалық жүйке ауруларымен сырқат балалар оқуға қабылданбайды.