5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық дауыс беру — Жаңа Қазақстан құруға негіз болатын Ата Заңымызға енетін өзгерістер бойынша енетін маңызды шешім болатынын түсіндіру мақсатында Арнаулы кәсіптік колледж қызметкерлері мен білім алушыларымен қалалық штаб мүшелері кездесу өткізді.
Конституциялық өзгерістермен толықтуларды түсіндіре отырып, мемлекетіміздің алға қарай қарыштап дамуы үшін қазір осындай қадам жасау керек және өзгеріс енуі мүмкін 31 бап пен қосымша енетін 2 баптың әрқайсысының өзектілігі жоғары деп атап өтті. Штаб мүшелері барлық қатысушыларды, референдумнан қалыс қалмауға шақырды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға колледж қабырғаларынан дауыс беру мүмкіндігі қарастырылатыны туралы да айтылып өтті.


