ТО “Арнаулы Кәсіптік Колледжінің” өзін-өзі басқару ұйым мүшелері 4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күнін атап өтті.
1992 жылы ең алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік нышандар — Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып қалады.
Мемлекеттік рәміздер — мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі. «ҚР Президентінің жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы ҚР Президентінің жарлығына және «ҚР кәсіби және басқа да мейрамдары туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлықтарына сәйкес 4 маусымда Республикада мемлекеттік рәміздер күні тойланады.
Еліміздің барша азаматтарын бүгінгі атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!


