ҮКАША АТА КІМӘулиенің кеніне айналған қарт Қаратаудың қойнауы киелі орындарымен ерекше. Ел есінде аңыз болып қалған киелі орынның бірі – Үкаша ата есімімен байланысты. Үкаша ата дегенде ең әуелі жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп құран оқиды. Онан кейін барып тау басындағы құдықтың басына барып су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралды.УКАША атаға арнап тұрғызылған кесененің ұзындығы 16 метр, ені 5 метрге жуық, ал биікті – 3,5-4 метрге жете қабыл. Сәулет ескерткішінің күнбатысында биіктігі 4,5 метр, диаметрі 4 метрдей күмбез тұрғызылған. Құрылысқа таудың тастары пайдаланылған, ал сырты ақ пен сұр түсті берік тұтқыр құрылыс затымен сыланған. Ал кесененің ішіндегі мазардың биіктігі шамамен 170 см, ені 150 см, ұзындығы 12 метрге жетеді.ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рухани жаңғыру бағдарламасы аясында білім алушылар Укаша ата кесенесіне барып келді.




1 433 комментария для “ҮКАША АТА”