«Қазақстанның Алтын кітабы» – бойындағы қабілетін ізденіске, қажыр-қайратын, еңбегін ел игілігіне арнаған алтын жүректі, есімі ел есінде, еңбегі кейінгі ұрпаққа қалуы тиіс тұлғаларды бір жинаққа топтастырған, тек үздіктердің үздігі енетін, республика бойынша ешқандай баламасы жоқ, өзгеге ұқсамайтын, өзіндік айтары бар бірден-бір басылым. Осы кітаптың тізіміне колледж директоры Роза Аяпбергенова еніп отыр.
Елге еңбегі сіңген жандарды кейінгі ұрпақ есінде сақтауы тиіс. Осы бағытта Республикалық «Оrda.kz» баспа үйінің әр аймақтың шоқжұлдызындай болып жанып, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беріп келе жатқан асыл жүректі жандар туралы «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясы – негізгі салалардың барлығын қамтиды.
Өз өңірінің экономикасын өркендетуге сүбелі үлес қосып, жауапкершілік жүгін арқалаған, билік басындағы тұлғалар туралы айтылар ой «Билік келбеті» тарауында, «Мемлекеттік мекемелер» бөлімінде азаматтық ұстанымы мен адамдық асыл қасиеттерімен ерекшеленетін мемлекеттік қызметкерлер жайлы жазылады.

328 комментариев для “Қазақстанның алтын кітабына енді”