Арнаулы кәсіптік колледжіне Швейцария елінің азаматшасы, әуесқой саяхатшы, Madeleine Binzegger келді. Madeleine ханымның таулы аймақтардың табиғатына деген қызығушылығы оны сонау Европадан кенді қаламызға жетелеп келіпті. Кентау қаласымен танысу барысында аталмыш оқу орнымен жақынырақ танысқысы келіп, өз көзімен көріп, білім алушылардың оқу барысындағы жағдайына, колледжіміздің материалдық базасына таң қалып кетті. Сонымен қатар Madeleine Binzegger ханым Индия елінде 5 жыл мүмкіндігі шектеулі балаларға бейнелеу пәнінен сабақ бергенин баяндады. Өз сөзінде шет ел қонағы колледж ұжымы мен білім алушылардың өзін жылы қарсы алғанына риза екенін атап өтті.



