«AMANAT» партиясы қалалық филиал ақпараттық насихаттау штаб мүшелері Түркістан облыстық “Арнаулы — кәсіптік колледжі” ұжымымен Конституциялық өзгерістерді түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Аталған кездесуге қалалық штаб төрағасының орынбасары Қанат Бекметов бастаған штаб мүшелері Маржанкүл Кривенцова, Бейсен Самбетов, Әділбек Қайырбеков және Бақыт Мыңбай қатысты. Штаб мүшелері Референдумның мақсаты саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау екені туралы түсіндірді. Сондықтан әрбір азаматымыз 5 маусымда дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алатынына сенімдімін және барша қатысушыларды, референдумға қатысуға шақырды. Колледж ұжымы Конституциялық өзгерістерді толықтай қолдай отырып, Референдумға бір кісідей қатысандарына сендірді.


