Жолдау 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жасаған халқына жолдауы
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанда супер президенттік басқару моделі қалыптасқан. Бірақ біз бір орында тұрмаймыз. Қоғам мен мемлекет өзгереді.
Президенттің басқару мерзімінде ешқандай партия құрамында болмауын заңдық негізде енгізуді ұсынамын.
Президенттің жақын туыстарының саяси лауазымдарға және квазимемлекеттік құрылымдардың басшылары қызметіне тағайындалуына тыйым салынады.
Әкімдер мен орынбасарларына партияда қызмет атқаруға заңды түрде тыйым салу керек».
Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым».
Біз Мәжілістегі ҚХА-ның квотасын алып тастаймыз, бұл, менің ойымша, саяси және заңды тұрғыдан дұрыс болып табылады. Бұл квота Сенатқа ауыстырылып, 9-дан 5 депутатқа дейін қысқартылады».
Енді Қазақстанда заңды Сенат емес, Мәжіліс палатасы қабылдайды».
Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ, сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын».
❗️Елімізде облыс және қала әкімдерін тағайындау ережесі де өзгереді. Енді аймақ басшысын тағайындау кезінде Мәслихатта сайлау өтеді. Мұны мемлекет басшысы «Жанама сайлау» деп атады.
Сонымен қатар Президент облыс және қала әкімдерін қызметінен Мәслихатпен кеңеспей-ақ босата алады.
«Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін».
Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы және тағы да баска мәселелерді көтерді. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын бірлікке шақырды.

«Әр түрлі көзқарас — біртұтас ұлт» — бұл жаңа Қазақстанның негізгі ұстанымы болмақ.

Жан-жақа таратыңыздар!