Арнаулы кәсіптік колледж білім алушыларының өзін-өзі басқару кеңесі жұмысын жүргізу мақсатында студенттік парламенттік сайлау өткізілді. Сайлау нәтижесінде парламент президенті болып 3 курс білім алушысы Ерлан Абдолда сайланды. Сонымен қатар қоғамдық ақпарат, мәдениет, спорт, тазалық, адалдық, сырласу секторлары сайланды.
⭕Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылық қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
⭕ Парламенттің міндеттері:
🔈Білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте, колледжде, ЖОО-да бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;
🔈ұжымдық өмір нормаларына, мемлекеттік заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;
🔈әр бір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
🔈 өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.



Один комментарий к “Іс шара”