Колледж тарихы

ОҚО арнаулы кәсіптік колледж
медициналық-әлеуметтік мекемесі
коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің тарихы

Шымкент кәсіптік-техникалық училищесі 1942 жылдың қаңтара айында құрылған. Қалалық Атқару Комитеті 75 үйде орналасқан ғимараттарды берген, алғашқыда мектеп «Республикалық есеп жоспар мектебі» деп аталған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мемлекет оқушыларды оқыту, асырау үшін қаржы бөлген, оқушылар толығымен мемлекет қамқорлығында болған. Бұлар бейбіт өмірге қайта оралған соғыс мүгедектері еді. Мектептің бірінші директоры қызметін Ұлы Отан Соғысының мүгедегі полк комиссары болған В.И.Гриднев атқарған.

Мектеп жоба сызушыларды, құрылыс жұмысын басқарушыларды, жоспарлаушыларды, ауылшаруашылықты және өндірістік бухгалтерлерді дайындаған.

1950 жылдарға дейін оқуға тек Ұлы Отан Соғысының мүгедектері қабылданған. Кейін келе еңбек, әскер, бала кезінен және жалпы ауру салдарынан мүгедек болған азаматтар қабылданатын болған. 1960 жылы «есеп-жоспар» мектебі «кәсіптік» мектеп болып қайта құрылды.

1991 жылы ҚР әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйырығы негізінде оқу орны кәсіптік–техникалық училище болып қайта құрылды. Олар «экономист-бухгалтер», «жеңіл киім тігіншісі» мамандықтары. Оқу мерзімі 9 кластан кейін 2 жыл 10 ай, орта білім негізінде 10 ай. Бұл училище Қазақстан Республикасы бойынша жалғыз ғана. Бұл оқу орнында Қазақстанның барлық облысынан келген мүгедектер кәсіби мамандық алады, училище ашылған уақыттан бері 6000-нан астам мамандар дайындалған.

2008-2009 оқу жылы тамыз айынан бастап Кентау қаласына көшіп келуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан Облысының Арнаулы Кәсіптік лицейі болып өзгертілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсан №394 қаулысымен “Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы кәсіптік лицейі” медициналық-әлеуметтік мекемесі” мемлекеттік мекемесі “Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Арнаулы кәсіптік колледжі “медициналық-әлеуметтік мекемесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *