Колледждің негізгі мәліметтері

Арнаулы кәсіптік колледждің негізгі мәліметтері

Атауы: «ОҚО арнаулы кәсіптік колледжі»  КММ
Қызмет бағыты: Техникалық және кәсіптік білім беру
Директоры: Аяпбергенова Роза Муратовна
Мекеменің орналасқан жері: ОҚО, Кентау қаласы, Қонаев көшесі, 28 үй,
телефон 8(72536) 4-07-59, 4-09-63, 4-06-54.
Электрондық пошта: ukospkmsu@mail.ru
Сайт: www.okoakk.kz

Кентау қаласында орналасқан «ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы кәсіптік колледжі» медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – кәсіби-техникалық білім беретін Қазақстан Республикасындағы тірек-қимыл қозғалыс аппараты бұзылған және онымен ауыратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бірден-бір колледж.
Ең алғаш Шымкент кәсіптік-техникалық училищесі болып іргетасы 1942 жылы қаланған. Сол кезде есеп-жоспарлау мектебі мәртебесіне ие болған. Мектепте негізінен соғыстан жараланып, мүгедек болып қайтқан жауынгерлер оқыған, оларды мемлекет өз қамқорлығына алған.
Алғашқы кезде мектепті 44 адам тәмамдап шыққан. Училищенің алғашқы директоры Ұлы Отан соғысының мүгедегі комиссар Гриднев болды.

Мектеп негізінен өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы салаларына сызбашылар, прорабтар, жоспарлаушылар мен есепшілер дайындаған. Осында оқуға ықылас білдірушілердің көптігі мен сынып бөлмелерінің аздығынан мектепте сабақ үш ауысымда жүргізілген.
1950 жылдарға дейін мектепте тек Ұлы Отан соғысының мүгедектері ғана қабылданған. Уақыт өте келе мектепке бала жастан мүгедек болғаңдар, әскери мүгедектер, жалпы науқастығы бойынша мүгедек деп танылғандар қабылданған.
1960 жылы мектеп кәсіптік мектеп деп өзгертіліп, оқу мерзімі 10 ай болып белгіленді.
1991 жылы Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің бұйрығы бойынша кәсіптік мектеп кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды. Мұнда есепші-экономист, тігінші-пішуші мамандықтары даярланды. Аталған училище мүгедектер ішінен кадрлар дайындайтын республикадағы жалғыз оқу орны. Училищеге 15-35 жас аралығындағылар қабылданды.
1993 жылы оқу корпусы мен әкімшілік-ғимаратының жаңа жайы пайдалануға берілді. Әр бөлмеде екі-үш адам тұратын жатақхана, компьютермен, 9 тігін машиналарымен жабдықталған бөлмелері бар. Медициналық қызмет көрсетіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысы өкімдігінің 2008 жылғы 5 ақпандағы «Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент арнаулы кәсіптік мектебі» мемлекеттік мекемесін «Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы 39 қаулысына сәйкес, аталған лицей Шымкент қаласынан Кентау қаласына көшірілді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсан №394 қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы кәсіптік лицейі» медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесі «Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы кәсіптік колледжі» медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Арнаулы кәсіптік колледжі 9-сынып негізінде 3 мамандық бойынша кадрлар дайындайды, оқу мерзімі 2жыл 10 ай, оқу нысаны күндізгі.

Мамандығы Біліктілігі
1 1211000 – Тігін өндірісі және киімді үлгілеу 1211062 – Тігінші
2 0518000 – Есеп және аудит 0518012 – Есепші
3 1304000 – Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру 1304012 – Электрондық есептеу машинасының операторы

Арнаулы кәсіптік колледжінде тарифтік штат бойынша бекітілген директор – 1, жоғары білімді, еңбек өтілі – 23 жыл.
Директордың оқу өндіріс ісі жөніндегі орынбасары -1, жоғары білімді, жоғары санатты, пед. еңбек өтілі – 20 жыл. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -1, жоғары білімді, жоғары санатты, пед. еңбек өтілі – 21жыл.
Әдіскер -1, жоғары білімді, І санатты, пед. еңбек өтілі –26. Педагог-психолог- 1, жоғары білімді, еңбек өтілі – 1жыл. Кітапханашы -1, жоғары білімді, еңбек өтілі – 1жыл. Педагог- ұйымдастырушы -1, жоғары білімді, еңбек өтілі -3жыл. Кәсіптік оқыту шеберлері – 8, жоғары білімдісі – 6, арнаулы орта білімді -2, оның ішінде 1 санатты-2, ІІ санатты -3. Тәрбиеші -1, жоғары білімді, еңбек өтілі -2жыл. Емдік дене шынықтыру пәнінің оқытушысы – 1, жоғары білімді, еңбек өтілі-2жыл. Колледж оқытушыларының саны-11, оның ішінде қоғамдық пәндер бойынша -1, жалпы білім пәндері бойынша -7, арнайы пәндер бойынша -3. Барлығы жоғары білімді, оның ішінде жоғары санатты-2, І санатты – 3, ІІ санатты-4, санатсыз-2. Сондай-ақ 3 есепші, 1 кадр инспекторы, комендант, 1 дәрігер, 5 мейірбике қызмет көрсетеді.

Колледжде оқу әдістемелік жұмысын ұйымдастыру бағытында 4 әдістемелік бірлестік жұмыс атқарады.

  1. «Есепші» мамандығы бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі – М.Аманова, жоғары білімді, бірінші санатты, арнайы пән оқытушысы.
  2. «Тігін ісі» мамандығы бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі – А.Нургелдиева жоғары білімді, бірінші санатты, арнайы пән оқытушысы.
  3. Гуманитарлық пәндер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі – Ж.Жанабаева, жоғары білімді, жоғары санатты, орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы.
  4. Жаратылыстану пәндер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі – Б.Асаев, жоғары білімді, бірінші санатты, өндіріс шебері.

Колледждің әдістемелік тақырыбы: «Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту жолында сапалы кәсіптік білім, саналы тәрбие беруде оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *