Қабылдау комиссиясы

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!

Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Арнаулы кәсіптік колледжі”  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2016-2017 оқу жылына оқушылар қабылдайтынын хабарлайды. Оқуға 9-шы және 11-ші сыныптан кейін ІІ-ІІІ топтағы мүгедек балалар қабылданады. Сондай ақ бөгде адамның көмегінсіз жүріп-тұра алатын І топтағы балалар қабылданады.

16 жастан 35 жасқа дейін!!!

ОҚУШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА БОЛАДЫ!
  1. 4 мезгіл тамақ (құнарлығы өте жоғары).
  2. Медициналық қызмет көрсету (физ.кабинет,ЛФК,дәрі-дәрмектер тегін беріледі).
  3. Киім беру (екі маусымды киім-кешек ж/е оқу құралдары тегін беріледі).
  4. Жатақханада тұру (душ, монша, санитарлық қызмет, бөлек бөлме, демалыс орындары, оқушыларға арналған көлік, тренажер залы).
  5. Білім тегін беріледі (қалалық мәдени іс-шараларға қатысу, мерекелі кештер тегін, саяхаттау).
  6. Мүгедектік зейнетақылары толығымен сақталыып отырады.
  7. Үздік студенттерге шәкіртақы беріледі.
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ:
  1. 3х4 фотосуреті — 4 дана.
  2. Ауру тарихының көшірмесі.
  3. Амбулаториялық карта.
  4. Форма-063/у (алдын-ала екпелер картасы).
  5. Білім туралы куәлік (аттестат)-түпнұсқа, көшірмесімен.
  6. Мүгедектігі туралы МӘСК анықтамасы.
  7. Қалалық немесе аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің жолдамасы.
  8. Төлқұжат немесе жеке куәлік, СТН, ӘЖТ (көшірмелері).
  9. Форма-086/у медициналық анықтама және тұрғылықты мекен-жайынан анықтама (флюрография).
  10. Құжаттар салынатын папка (скорошиватель), 2 дана дәптер, конверт.
  11. Өтініш.
  12. Кәсіби оңалту картасы.
  13. Психо-диспансерлік анықтама.
  14. СПИД-анықтама.
  15. Диспансерлік есептен шығу парағы.
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:

1 маусымнан — 20 тамызға дейін қабылданады. 22 тамыз күні математика және ана тілі (қазақ және орыс тілдерінде), Қазақстан тарихы пәндерінен емтихан болады. Осы күні медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы өтеді. Колледжге қабылдау 25 тамыз. Жатақханаға 30 тамыздан бастап орналастырылады. Бітірген оқушыларға “ЭЕМ операторы”, “Есепші”, “Тігінші” квалификациясы тағайындалып, МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ беріледі.

МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ:
  1. 1304012 — Электронды есептеу машиналарының операторы.
  2. 0518012 — Есепші.
  3. 1211062 — Тігінші.

Қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.

ОҚУ МЕРЗІМІ:

9 сынып негізінде — 2 жыл 10 ай.

ЕСКЕРТУ:

I топтағы мүгедек балалар және эпилепсия, туберкулез, психикалық жүйке ауруларымен сырқат балалар оқуға қабылданбайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *