Колледждің оқу кабинеттері

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ КАБИНЕТТЕРІ

Арнаулы кәсіптік колледжінде кітапхана, психология, асхана, акт залы, ем қабылдау бөлмесі, дәрігер кабинеті, физиотерапия кабинеті және 10 оқу дәрісханалары бар. Тігін шеберханасында 2 тігін машинасы, 3 оверлок, 7 әмбебап машина бар. Тренажер залында емдік дене шынықтыру аппараттарымен жабдықталған. Колледжде 72 компьютер бар, соның ішінде 48 компьютер оқу барысында қолданылады және жылдамдатылған лимитсіз INTERNET желісіне қосылған, 4 интерактивті тақта оқу процесіне негізделген. Есепшілер шеберханасында 10 компьютер және қалған оқу кабинеттеріне 2 дана компьютерлермен жабдықталған.

Мамандығы бойынша 10 дәрісхана қазіргі заманға сай әдістемелік көрнекілікпен толықтырылып, жабдықталған.

Олар:

  • Қажетті құрылғылар мен тігу машиналары бар тігіншілер кабинет;
  • Интернет және интарктивті тақтамен жабдықталған 2 компьютерлік кабинет бар;
  • Тілдер кабинеті;
  • Теориялық білім беретін тігін-ісі кабинеті;
  • Бухгалтерлік есеп кабинеті;
  • Жаратылыстану кабинеті;
  • Қоғамдық пәндер кабинеті;
  • Есепшілер шеберханасы-10 компьютермен жабдықталған;
  • Тренажер залы;

Сонымен бірге әдістемелік көрнекілікпен жабдықталған мұғалімдер бөлмесі бар. Оқу сапасын жақсарту үшін жыл сайын жаңа оқулықтар, техникалық әдебиеттер және оқу құралдары алынады. Мамандығы бойынша кабинеттерді көркемдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіледі және оқу әдістемелік материалдармен, стендтермен, көрнекті құралдармен толықтырылады. Оқушыларды дене тәрбиесіне тарту және денсаулықтарын жақсарту негізінде қаладағы «Бекзат» атындағы жастар спорт мектебі және «Еңбек» атты стадионымен келісім жасалып, әртүрлі спорт түрлерімен /футбол, бадминтон, теннис, жүзу/ шұғылдануға мүмкіндік жасалған.

Колледжде негізінен үш мамандық бойынша білім беріледі:

Есепші
ЭЕМ операторы
Әмбебап-тігінші

 

Кітапхана

Колледжімізде кітапхана қоры 6000-ға жуық. Оның ішінде 2000 оқулық, қалғандары әдеби кітаптар. Оқушылардың сабақ дайындауына арналған оқу залы бар және 8 компьютер орнатылған. Демеушілер тарапынан қосымша кітаптар және 40 дана оқу дискілері алынды.

Оқу залы

Релаксация бөлмесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *