Демеушілер назарына

Құрметті Кәсіпкерлер, басшылар және жекеменшіктер!

«Арнаулы кәсіптік колледжі» медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталмыш колледжде тағдырдың тәлкегіне мойымай, өмірге құштарлығын арттырып оқып жатқан студенттердің шын жүректен мұң-мұқтажын түсініп, өмірдегі арман-мақсаттарына жетуіне мейірімділік қолын созуға «жаны жомарт» «алтын жүректі» азаматтарды шақырамыз.

ОҚО арнаулы кәсіптік
колледжінің әкімшілігі

«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауынан «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Қазақстан шектеусіз аймаққаайналуы керек. Олар белсенді өмірге тартылып, өздерін қоғамның пайдалы мүшесі ретінде сезінетін болады. Мүгедектер бірлестігінің құқықтық базасының қызметін жетілдіру керек. Атап айтқанда, олармен барлық мемлекеттік органдардың жұмысын күшейту қажет, яғни Үкіметтен бастап жергілікті әкімге дейін.»

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев

Жақсылықты адам адамнан ғана үйренеді

Ш. Айтматов

Жақсылық — бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі.

Марк Твен

Әртүрлі сауапты істер адамды түрлі пәле-жаладан сақтайды.

Пайғамбар с. ғ.с.

Алланың сынағына сабырлық таныта білген мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген талпынысы мен құлшынысына бас иген, жан жүрегімізбен жасаған қайырымдылық ісімізге алла разы болсын!

Ендеше, ағайын, жасаған жақсылығымыздың жанымызды жаннатқа жетелейтінін ұмытпайық. Аллаһ тағаланың мейірі мен нұры төгілген бүгінгі күні қанжығамызды қампайтып, қоржынымызды томпайтар сауаптан құр қалмайық.

Сізге алдын-ала ризашылығымызды білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *