Директор блогы

Аяпбергенова Роза Муратовна 1970 жылы 25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Алматы қаласындағы Алматы халық шаруашылық институтында «Экономист» мамандығын алып, жоғары біліммен бітірді.
2014 жылы қазан айынан бастап «ОҚО арнаулы кәсіптік колледж» «медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық – мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалды.

Эмблемасы сипаттама:

  1. Күн шапағы – күн нұрының жер бетіне бірдей төгілуі, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға да қамқорлық басымдылығы берілуі.
  2. Күн шапағының астында мүгедектер арбасында отырған бала күн шуағына шомылып, білім нәрімен сусындауда.
  3. Ашылған кітап кәсіби білім беруді білдіреді.
  4. Аялы алақан мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекеттік және қоғамдық қамқорлықты білдіреді.
  5. Артында көгілдір түс, ашық аспан мен мемлекеттік тудың түсін білдіреді.

Қымбатты ата-аналар және талапкерлер!

Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасының «ОҚО арнаулы кәсіптік колледжі» медициналық-әлеуметтік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесі тірек–қимыл қозғалысы аппараты бұзылған және онымен ауыратын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған колледж. Қазіргі таңда сұранысқа ие болып отырған «Есепші», «ЭЕМ операторы», «Тігінші» мамандықтары бойынша кәсіби мамандар даярлаймыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:

«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Қазақстан шектеусіз аймаққа айналуы керек. Олар белсенді өмірге тартылып, өздерін қоғамның пайдалы мүшесі ретінде сезінетін болады. Мүгедектер бірлестігінің құқықтық базасының қызметін жетілдіру керек. Атап айтқанда, олармен барлық мемлекеттік органдардың жұмысын күшейту қажет, яғни Үкіметтен бастап жергілікті әкімге дейін» — деп, атап көрсеткен еді.

Алланың сынағына сабырлық таныта білген мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген талпынысы мен құлшынысын шектемей, оларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Саналы тәрбие, сапалы білім беру арқылы кәсіби маман иесі болып шығуына үміт пен мүмкіндік беріледі.

Егер Сіз өмірге өкпеңізді ұмытып, тағдыр тауқыметін серпіп тастап, қоғамның толыққанды мүшесі болуға даяр болсаңыз, бізге келіңіз!
Сіздердің таңдауларыңыз өз қолыңдарызда!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *